Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жол бойы кино көріп келген автобус жүргізушісі жазаланды

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушісі жол бойы кино көріп келді. Бұл сәтті жолаушылар желіге жариялады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сәтті жолаушылар желіге жариялады

Желіге жарияланған суреттен жүргізушінің соғыс туралы фильм көріп отырғаны байқалады. 

Жол ережесін бұзған жүргізушінің әрекетіне алаңдаған жолаушылар бұл жайлы үндемей қалмады. 

"Әлеуметтік желінің Kolesa_pavlodara парақшасында 2020 жылдың 13 қаңтарында 003 маршруты бойынша жүретін мршруттық такси жүргізушісі көлік құралын жүргізіп келе жатып ұялы телефонды пайдаланғаны (фильм қарағаны) туралы пост жарияланды.  
Осы факті бойынша полицейлер 64-жасар жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабы 1-бөлімі- көлік құралын жүргізу кезінде телефон пайдалану бойынша әкімшілік өндіріс қозғады. Жүргізушіге сомасы 13.255 теңге айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық жол полициясы.   

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 12:52
Талқылау