Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап, көз жұмды (видео)
Павлодарда 48 жастағы ер адам көп қабатты үйдің оныншы қабатынан құлап, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Ер адам дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Ақпаратты жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі растады.
Ер адамның жоғарыдан құлаған сәтін сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Видеодан оның сымға ілініп біраз уақыт тұрғанын байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін прокурорлар 6 жасар Лиза Пылаеваның өліміне қатысты сұмдық деректерді бөліскені туралы хабарлаған едік. Бала 2019 жылы мерт болған.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ