Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ерекше баланы ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Павлодарда баланы ұрып-соққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

тарбиеши

Видеодан жасалған скрин

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Полицейлер білім мекемесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын мәлімдеді. 

“Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы басшылықтың ерекше бақылауына алынды”, – делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде еденде бір-біріне қарама-қарсы отырған әйел мен баланың видеосы тараған. Видеодан әйелдің баланың екі қолынан ұрып, басынан ұстап, күшпен еңкейтіп жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, оқиға балаларды дамыту орталықтарының бірінде болған.



“Педагог маман баламды ұрды. Бұл бірнеше рет болған. Бізге барлық бейнежазбаны қалпына келтіріп бермеді. Тек төрт күннен кейін ғана берді”, – деп мәлімдеген баланың анасы.

Оның айтуынша, тәрбиеші жұмыстан босатылғанымен, орталық жұмысын жалғастырып жатыр.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидова аталған факті бойынша мекеме тәрбиешісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс қозғалғанын жеткізді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Бұған дейін Астанада тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасалғаны жайлы жазылған.

Талқылау