Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген

istockphoto павлодарда әйел екі баласын лақтырып, артынша өзі секіргенФото: istockphoto.com

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл жан түршігерлік оқиға туралы жедел жәрдемге өтіп бара жатқан адам хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірінші кезектегі шұғыл шақырту бойынша оқиға орнына үш жедел жәрдем тобы жіберілді. Олар 6 минут ішінде жеткен. Екі бала ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел де ауыр хәлде Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Сағат 02:08-де балалардың жасы белгілі болды, олардың бірі 1,5 жаста, екіншісі 5 жаста екен.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, оқиға болған сәтте пәтерде зардап шеккендерден басқа ешкім болмаған.

Полиция департаменті зардап шеккендер подъездің қалқалағышына құлағанын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

“30 шілде күні Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан үйдің 4 және 5-қабаттарының арасындағы подъез терезесінен кәмелетке толмаған екі бала мен әйел құлап кеткен. Зардап шеккендер подъездің жаппасына құлаған, барлығы ауруханаға жеткізілді. Аталған фактілер бойынша кісі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіру әрекеті баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады”, – деп хабарлады полиция.


Қарағандыда пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйел жазадан құтылып кетті


Сұмдық жағдай: Әуежайда ер адам 2 жасар баланы еденге лақтырып жіберген


Еске салайық, бұған дейін Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып сәбиін терезеден лақтырып жібергенін жазған едік. Пойыз елордаға 20 сәуірде таңғы 5-те келуі керек болған. Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткеннен кейін пойыз жолсерігі санитарлық аймақтан қан іздерін көрген. Кейін еденді жуа бастаған. Ол сондай-ақ бүкіл дәретхана қан болғанын және бұл жолаушыларды алаңдатып жатқанын айтқан. Мұны естіген пойыз ішіндегі қыздардың бірі не болғанын анықтау үшін дәретханадан купенің біріне дейін созылған қан ізімен жүреді. Солай купе ішінен көрпеге оранып жатқан әйелді көреді. Көрпені жылжытқан кезде куәгер төсектің бәрі қан екенін көреді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 14:21
Талқылау
`