Павлодарда 8 жасар бала жілікті бір ұрғаннан қақ бөліп, көпшілікті таңғалдырды
Наурыз мерекесі биыл Павлодар өңірі тұрғындарын ұлттық ойындардың ерекше түрлерімен таңқалдырды.
Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Ұйымдастырушылар «Қошқар көтеру», «Тымақ лақтыру» және «Жілік сындыру» жарыстарын өткізіп, көпшіліктің назарын аударды. Қазақта жілік сындыру той-томалақтарда, қыстан қалған сүрден дәм татқызатын сыбағада, жалпы халық көп жиналатын жерлерде ойнатылады. Наурыз мерекесінде жас талғамайтын ойын түрлеріне қатысып, бақ сынағандарды 8 жасар ойыншының ептілігі тәнті етті. Қарулы жігіттердің шамасы келмей жатқан жілікті Рытпек Токанов бір ұрғаннан қақ бөлді.
«Мен бокспен, каратэмен айналысамын. Жілік сындыруды әкемнен үйрендім. Жілікті бірінші соққыдан сындырдым», – дейді жарыс жеңімпазы Рытпек Токонов.
Ал аталған жарыстың жеңімпаздарының бірі Керкен Жұманов жілік шағу үшін, алдымен тықылын тауып алу керек екенін айтты.
«Бұл күшпен алынбайды. Қазақта тықылын тауып алу керек деп жатады.Тықылын тауып алып, сосын соғу керек. Екі рет соқтым, үшіншісінде бұзып жібердім», – дейді жарыс жеңімпазы Керкен Жұманов.
Оқи отырыңыз:
Алматыда Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкері есірткімен ұсталды
«Қазақстан аруы-2018» байқауына қатысушыларға дауыс беру басталды (фото)
ШҚО тұрғыны салмағы 6 келі болатын бауырсақ әзірледі
Наурыз мейрамында “Қара жорға” билеген сәйгүліктің видеосы желіні жарды (видео)