ШҚО тұрғыны салмағы 6 келі болатын бауырсақ әзірледі
Өскеменде Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шара кезінде «алып бауырсақтар сайысы» өтті.

Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Алып бауырсақтар сайысында Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Дятлова жеңіске жетті.
«Мен сайыс туралы Instagram желісінен білдім. Бірден қатысуға бел будым. Құрбым да көмектесті. Екеуіміз 6 сағат бойы бауырсақ пісірдік. Оның салмағы шамамен 6 келі, ал диаметрі 90 сантиметр болды. Жеңіске жеткеніміз үшін қатты қуанып тұрмын. Бізге үлкен, заманауи теледидар сыйлады», – дейді жеңімпаз.
Оқи отырыңыз:
Наурыз мейрамында “Қара жорға” билеген сәйгүліктің видеосы желіні жарды (видео)
ШҚО-да бойжеткен қошқарды 29 рет көтеріп жігіттерден озып кетті
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?