Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 14 жастағы қызды зорлағаны үшін түрмеге қамалған блогер абақтыда көз жұмды

Павлодардағы түрмеде 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған блогер көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

блогер

Павлодар облысының қылмыстық-тергеу жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Абдуғалиева көз жұмған азамат Юрий Комм екенін растады.

Бұған қоса, блогердің көз жұмғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде таралды. 

Оқиға 8 мамырда орын алған. Дәретханада 44 жастағы сотталушы басқа сотталушының соққыға жыққан. Алған жарақаттарының салдарынан 40 жастағы Юрий Комм 9 мамырда көз жұмған. 

Айта кетсек, өткен жылы Юрий Комм 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Десек те ол өз кінәсін мойындамапты. Сондай-ақ, оның әпкесі жәбірленушінің пәк екенін алға тартып, інісінің кінәсіз екенін алға тартқан. 

Талқылау