Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы қоқыстан табылған елтаңбалар: Прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы қоқыс полигонынан табылған елтаңбаларға қатысты аймақтың бас прокурорының міндетін атқарушы Жарқын Құсайынов түсініктеме берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін желіде қоқыс полигонында жатқан Ақтоғай ауданы прокуратурасының маңдайшасы мен екі мемлекеттік елтаңба бейнеленген видео тараған еді.

Жарқын Құсайыновтың сөзінше, аталған факті бойынша облыстық прокуратура қызметтік тексеру жүргізген. Оның нәтижесі бойынша, мемлекеттік елтаңбалар Ақтоғай ауданының прокуратурасына тиесілі емес екені анықталыпты.

"Ақтоғай ауданы прокуратурасының қызметкерлері мен жұмысшыларының мемлекеттік елтаңбалар табылған қоқысты шығаруға қатысы жоқ", - деді Құсайынов.

Кінәлілерді Ақтоғай ауданының полиция бөлімі анықтайды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 372-бабы "мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 22 Сәуір, 2021 07:41
Талқылау