Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында жайылымдағы өрт екі тәулік сөндірілді

Павлодар облысының Май ауданында екі тәулік бойы жайылым өрті орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

павлодар өртСурет: Pixabay

Баскөл ауылдық округінің дала жайылымындағы алауды сөндіруге 100 өрт сөндіруші атсалысқан.

"Жүз гектарға жуық жер және төрт ошақ өртеніп кетті. Өртті сөндіруге жүзден астам адам қатысты", - деді аудан әкімі Адубай Амирин.

Павлодар облысының ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы 8 қазанда өрт фактісі туралы хабар келіп, сол күні тілсіз жаумен күрес жүргенін мәлімдеді. Алайда 9 қазан сағат 10:27-де тағы өрт өршіген.

Баскөл ауылының маңындағы төрт ошақта құрғақ шөп, қамыс және жаңа шабылған шөп өртенді. Екі тәуліктің ішінде 93 гектар жайылым өртеніп кетті. Жалынды облыстың ТЖД, Павлодар орманшылығының, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдардың қызметкерлері сөндірді.

Өрт болған жерге су мен жанар-жағармай материалдарын жеткізу жүзеге асырылды. Мемлекеттік орман қоры мен елді мекендерге қауіп келмеді.

Отпен күрес барысында екпінді жел кедергі келтірді. Соған қарамастан, өрт жойылып, себептері анықталуда.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 10 Қазан, 2022 08:05
Талқылау