Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында көшеде балаларын ұрған әке сотта жауап береді

Павлодар облысында ойын алаңында өзінің екі баласына қол көтерген әке заң алдында жауап беретін болды. Сондай-ақ ер адам заңсыз қару сақтағаны үшін сотқа тартылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірдің учаскелік инспекторлары көшеде және өзге де қоғамдық орындарда қылмыстың жолын кесу және алдын алу мақсатында, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін өздеріне жүктелген учаскелерді аралайды. Павлодар облыстық полиция департаментінен мәлім еткендей, полиция қызметкерлері Ақсу қаласының тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі ойын алаңында кәмелетке толмаған екі баласына дене жарақатын салғанын көрген.

Аталған фактіге қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Сонымен қатар тәртіп сақшылары ер адамның тегіс ұңғылы екі қаруы бар екенін анықтап, оларды тәркіледі", - деді Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдын Жүнісов.

Қару Ақсу қалалық полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі топқа тапсырылды. Ер адамның үстінен қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану бойынша тағы бір әкімшілік іс қозғалды.

Жанна Мәлік
Дүйсенбі, 19 Сәуір, 2021 16:00
Талқылау