Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында депутаттар 405 миллион теңгеге жөнделген аурухананың жағдайына шағымданды

Видеодан скрин

Павлодар облысында маслихат депутаттары Аққулы ауылында орналасқан аудандық аурухананың 405 миллион теңге жұмсалған жөндеуіне шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мердігер барлық жұмыстар толық аяқталды деп тапсырғанына қарамастан, тексеріс кезінде инженерлік жүйелерде айтарлықтай ақаулар бар екенін анқыталды.  

Депутат Сәбиден Мантықовтың айтуынша, бөлмелердегі жылыту батареялары дұрыс бекітілмеген, төбеден су ағып, желдету жүйелері де талапқа сай емес.

Депутаттар аталмыш жағдай бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымнан қосымша техникалық сараптама мен ресми түсініктеме беруді талап етті

Аурухана төңірегіндегі жағдай бұған дейін де қадағалау органдарының назарын аударған. Өткен жылы медициналық мекеменің кәсіпкерлер алдында жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін 18 миллион теңгеден астам қарызы болған анықталған. Кейбір жеткізушілер өз ақшаларын бес жылдан астам уақыт бойы ала алмай жүрген көрінеді.

Тексеру нәтижесінде 83 кәсіпкермен толық есеп айырысу жүргізілген, аурухана басшылығы қарыздардың қате жоспарлау салдарынан пайда болғанын мойындады. Кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 21:06
Талқылау