Павлодар облысында қарлы боран кезінде екі адам қаза тапты
Павлодар облысында қарлы боран кезінде тас жолдардағы апаттан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
23 наурызда сағат 23.00 шамасында Омбы-Майқапшағай тас жолының Новоямышево ауылы тұсында Павлодар бағытында келе жатқан “Toyota Camry 20” көлігінің жүргізушісі көріну мүмкіндігі нашар жерде жолдан өтіп бара жатқан 25 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Адам өмірін қиған тағы бір оқиға сол күні сағат 18.30-да Павлодар – Ленинский тасжолында болды. Мұнда LADA Priora автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қарлы боранда рульді басқара алмай, белгіге соғылып, оқиға орнында көз жұмды.
Сараптама тағайындалды. Екі факті бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ