Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 25 жастағы жұмысшының үстіне бетон плитасы құлап кетті

Павлодар облысында бетон плитасы құлап кеткен құрылысшы алған жарақаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 12.21-де полицияға Ақсу ауданы Қалқаман ауылында болған қайғылы оқиға туралы қоңырау түсті. Белгілі болғандай, Промышленная көшесі, 1 мекен-жайында құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС-тің 25 жастағы қызметкерінің үстіне үйдің бетон қоршауы құлаған, - деп хабарлады полиция.

Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнында полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр.

Талқылау