AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды

Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарынан кейін өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Павлодар завод

"Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ПМХЗ-да болып, кәсіпорынның қызметімен, жоспарлы жөндеуден кейін зауытты іске қосуға дайындық барысымен, сондай-ақ кәсіпорын мен сервистік (аутсорсингтік) компаниялар қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысты", - делінген сәрсенбі күнгі ақпаратта.

Зауытта жұмыстың өндірістік циклін үздіксіз қамтамасыз ету үшін  жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне техникалық куәландыру және сараптама жүргізілді. Сонымен қатар, осы кезеңде технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына сәйкес, жабдықтарды тексеру, тазалау және ауыстыруды сияқты іс-шаралар жүргізілген.

"Вице-премьер бір апта ішінде өнім шығару көлемі 1,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін ұлғайтылатынын атап өтті.  Негізгі міндет қалыпты жұмыс режиміне оралып, күзгі егіс жұмыстарына алдын ала дайындалу және энергия ресурстарының бағасының көтерілуіне жол бермеу арқылы еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін қамтамасыз ету болып табылады. Ол зауыттағы жөндеу жұмыстары кезінде жағармай бағасы бұрынғы деңгейде қалғанын атап өтті", - делінген мәлімдемеде.



Жазғы кезеңде туристердің келуіне байланысты жағармай жеткізуде қиындықтар туындағанымен Үкімет және тиісті органдар осы мәселелерді жедел түрде шешіп отырды.

"Энергетика министрінің 2-ші жартыжылдыққа арналған жана-жағармай материалдарының бағасы бойынша Жарлығы бекітілді. АИ-92 бензинінің бағасы бұрынғы деңгейде қалды (литріне 182 теңге), Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарын есепке алмағанда, мұндай логистиканың қымбаттауына байланысты бензиннің бір литрінің бағасы 187 теңге. АИ-95 маркалы бензиннің бағасы реттелмейді (бұрын 215 теңге болса, қазір де орташа баға сондай боп қалды). Дизель отынының бағасы өңірлердің ерекшеліктеріне қаарй бұрынғы деңгейде литрінің бағасы 230-260 теңге болып қалды. 28-ші шілдеден бастап ПМХЗ жөндеуден кейін өз жұмысын бастайды", - деді Ералы Тоғжанов.

Халықтың табысын арттыру Бағдарламасы шеңберінде еңбек кірістеріндегі теңгерімсіздікті жою және жұмыскерлердің жалақысын салалық орташа көрсеткіштен төмен емес деңгейде арттыру, халықты өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде бизнестің міндеттемелері белгіленді.

Осылайша. 2022 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша "ПМХЗ" ЖШС-і 2 315 адам жұмыс істейтін 13 сервистік (аутсорсингтік) компаниялармен 29 шарт жасасты. Осы мәселені реттеу мақсатында "ПМХЗ" ЖШС бұрын аутсорсингке шығарылған персоналдың жалақысын және әлеуметтік пакетін одан әрі арттыра отырып, сервистік компаниялардың қызметтерінің құнын арттыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ, аутсорсинг қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша шарт сомасын ұлғайту үшін қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленіп, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен келісілді.



"Сонымен қатар, жалақыны арттыру "ПМХЗ" ЖШС-ің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жүргізіліп, жұмыскерлердің біліктілігіне, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына қарай, сондай-ақ, ұлғайтусыз қолданыстағы мұнай өңдеу тарифінің шеңберінде дифференцияланады. Аутсорсингтік компаниялардың персоналының лауазымдық және тарифтік мөлшерлемелері әр компания үшін жекелей жұмыскерлердің біліктілігі, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына байланысты  14%-ан 56%-ға дейін ұлғайтылады", - деп қосты баспасөз қызметі.

Кездесу соңында Ералы Тоғжанов кәсіпорын басшылығына кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырды. Ол зауыт басшылығына өңірдегі колледждердің бірін өз қамқорлығына алуды ұсынды.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнайды отын нұсқасы бойынша өңдейді және өңдеу тереңдігін 88%-ға дейін қамтамасыз етеді, бұл үздік өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді. Зауыт автомобиль бензинін, РЖ маркалы реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды, дизель отынын, мазутты, мұнай коксын, жол битумын, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдарды шығарады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр