Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазфосфат" басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазфосфат" басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қазфосфат

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық істі 13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тіркеген. Тергеудің басталуына аймақ бойынша бәсекелесікті қорғау және дамыту департаментінің шығарған қорытындысы себеп болған. 



"Қылмыстық істің 221-бабы бойынша "Қасфосфат" ЖШС басшылығына қатысты аммофосты өткізу кезінде жоғары баға белгілеу арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген агенттік хабарламасында. 

Дегенмен "Қазфосфат" ЖШС ресми сайтында басшылық туралы ақпарат жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін Тараз тұрғындары 11 шілдеде кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларымен бөліскен еді. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтады. Бұған “Қазфосфат” зауытындағы “қысқа уақыттық түтін шығуы” себеп болған.

Талқылау