AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағымсыз иістен тыныстау қиындады": Таразды қою түтін басты (видео)

Тараз тұрғындары 11 шілдеде кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын бөлісті. Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтады. Бұған “Қазфосфат” зауытындағы “қысқа уақыттық түтін шығуы” себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түтін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлағандай, сараптама нәтижесінде шаң, азот диоксиді және күкірт сутегіден ластанудың жоғары деңгейі анықталды.

Тараз әкімдігінде бұл жағдайға зауыт "жауапты" екенін алға тартты. Бірақ басқа химиялық заттар бойынша да нормалар артқан.

"Сағат 20.00-де "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік шығарылым болды. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша фторлы қосылыстар көрсеткіші біршама артқан. Зауытпен қаланың санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған жоқ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экологтар, ТЖД мамандары және басқа да жауапты тұлғалар енген жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады", – деді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар ведомство өкілдері әкімнің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаменті мен өзге де жауапты тұлғалардан тұратын жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. 

“Қазір өзге де аудандарға сараптама жүргізіліп жатыр. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз”, – делінген хабарламада. 

Әкімдік өкілдері қала тұрғындарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр