Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таразда жарылыс болған кәсіпорын басшысы ұсталды": Ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

Желіде Тараздағы апат болған "Қазфосфат" ЖШС-ның басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Баспасөз қызметі аталған кәсіпорын басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазфосфат" ЖШС басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ. Н. Нұрлановқа қатысты ешқандай орган тарапынан ұстау әрекеті болған емес. Тарап жатқан ақпарат – фейк", - деген хабар тарады аталған мекемеден.

Сондай-ақ "Қазфосфат" ЖШС-ның баспасөз қызметі азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған мәліметтерді таратушы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жазаланатынын айтты.

Еске сала кетсек, кеше Тараз қаласындағы "Қазфосфат минералды тыңайтқыштар" ЖШС зауытында апат болды.

Ал бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалындағы апатқа байланысты жоспардан тыс тексеру жүріп жатқаны мәлім етілді.

Талқылау