AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда газ тарағаннан кейін "Қазфосфат" зауытында жоспардан тыс тексеріс басталды

11 шілде күні Тараз қаласында "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалы күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алған болатын. Осыған байланысты Экология министрлігі қосымша ақпараттар таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фосфат

Зауыт ұсынған ақпаратқа сәйкес, абсорбердің моногидратты сорғысы істен шыққан. Нәтижесінде газ (күкірт триоксиді) тараған.

"Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21.20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өлшеді. Нәтижесінде фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталды. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ. Сондай-ақ сағат 22.05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы анықталған жоқ", – деп жазды кәсіпорыннан.

"Қазгидромет" РМК Жамбыл филиалының мәліметінше, қалада ауаның ластануы қалқыма бөлшектер бойынша 1 ШЖК аспайтын деңгейде байқалады. Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған департамент қызметкерлері, соңынан прокуратура мамандары күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, Кәсіпкерлік кодексінің негізінде "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды.

Өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып үрлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, алайда мұнда да ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ.

"Қазіргі таңда, департамент пен "Қазгидромет" мамандары бірлесіп атмосфералық ауаның жай-күйімен сапасына мониторинг жүргізуде. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экология департаментінің өкілдері құрамына кіретін жұмыс тобы құрылғанын қосымша хабарлаймыз", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 11 шілдеде Таразды түтін басқаны туралы хабарлаған едік. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде видеоларман бөліскен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр