Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы жылу электр орталығы аумағында өрт шықты

Павлодарда жылу электр орталығы аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісінде жарияланған кадрларға қарағанда, вокзал аумағын қара түтін басып кеткен.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлағандай, өрт 21 шілде күні кешке шыққан.

"Сағат 18.25-те "Павлодарэнерго" АҚ 3-ЖЭО аумағында "Северная" өнеркәсіптік аймағы, 50-үйдің бойында жеке трансформатор өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті", - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, апаттар медицинасы орталығының және "Семсер-Өртсөндіруші" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 33 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өрттің қаланы ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге әсер етпейді деп сендірді.

Талқылау