Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар әкімдігі жылу электр станциясындағы апат туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

Павлодар қаласының әкімдігі әлеуметтік желідегі үш жылу электр станциясында апат болғандықтан, жылу берудің тоқтатылғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тэц

Бұған дейін павлодарлықтар пәтер иелері кооперативінің чаттарында жылудың тоқтатылғаны туралы хабарлама тараған. 

"Үш жылу электр станциясындағы зақым барлығына қатысты, қазір судың қай жерден аққаны анықталып жатыр", - делінген жазбадак. 

Әкімдіктің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, барлық жылу электр станциялары штатты режимде жұмыс істеп тұр. 

"Тұрғындар арасында мессенджерлер арқылы ЖЭО-да апат орын алғандығы туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Қалалық ЖЭО-да ешқандай апат орын алған жоқ және олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеуде. 26 қыркүйектен бастап қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле басталды. Бүгінгі таңда 1265 тұрғын үйдің 650-і жылуға қосылды, кеше жылу берілген үйлердің саны 278 болған, яғни, жылу беріліп жатқан тұрғын үйлердің саны күн сайын артып келеді", – делінген әкімдік хабарламасында. 

Әкімдік өкілдері 6 қазанға дейін барлық жылу желілерін толтыру жоспарланып отырғанын қосып өтті. Осыған байланысты кейбір үйлерде суды жылыту параметрлері төмендеуі мүмкін. 

Талқылау