“Пәтер беру керек”:“Қайраттың“ қақпашысы Темірлан Анарбеков тағы да желі жұлдызына айналды
Фото:”Қайрат” фк
“Қайраттың“ қақпашысы Темірлан Анарбеков тағы да желі жұлдызына айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Чемпиондар лигасының үшінші турында “Қайрат” футбол клубы өз алаңында Кипрдің “Пафос” клубын қабылдады. Ойынның 6 минутында “Пафос” сапынан Коррея ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылды. Алайда он ойыншымен қалған “Қайрат” “Пафосқа” еш қарсылық көрсете алмады. Керісінше “Қайраттың” қақпасына бірнеше мәрте қауіпті соққылар бағытталып, Темірлан Анарбеков қақпаны голдан аман сақтап қалды. Осылайша Темірлан Анарбеков кезекті мәрте матчтың басты қаһарманына айналды.
Осыдан кейін әлеуметтік желіде Темірлан Анарбековтің қолдаушылары екі есе арта түсті. Тіпті қақпашыға көлік емес, пәтер сыйға беру керек деп жазып жатқан жанкүйерлердің саны артты.
“Міне кезекті мәрте “Қайратты” масқарадан құтқарып қалды”, “Темірлан Анарбековке көлік емес, пәтер беру керек”, “Тағы бір макбук сыйға алатындай ойнады”,”Өзі қақпашы, өзі бапкер болып, футболшыларға ұрсып жүр ғой”, Осы ойында да қаһарман Анербеков болды”, Анарбеков Қазақстандағы ең үздік қақпашы”, Атына заты - сай, темір қақпашы”, “Жарақатына қарамай, жанын беріп ойнап жүр ғой”, Қазақтың қара баласы, көзіме жас келді ғой, “Жағы енді жазылып келе жатыр еді, бетіне соққы тисе де міз бақмай соңына дейін ойнады”, “Анарбековтен басқаларың ойнамай-ақ қойсаңдаршы”, “Барлық құраманы жалғыз Темірлан Анарбеков ғана сүйреп жүр”, “Темірланды мойындадым”, “Темірлан болмаса есеп 3:0 болатын еді”, “Темірлан нағыз Еуропада ойнайтын қақпашы, жақсы ұсыныстар түссе екен”, “Дастанды бекер уақытта мақтаймыз осындай да өшіп қалады, Темірлан жарайсың!”- деген пікірлер әлеуметтік желі де толассыз жазылып жатыр.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков “Қайраттың” “Селттикке” қарсы ойынында негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алған соң алаңға шыққан еді. Дәл сол шешу ойында Темірлан Анарбеков пенальти сериясында үш мәрте голды қайтарып, Қайраттың Чемпиондар лигасына шығуына зор септігін тигізген. Сонымен қатар ішкі чемпионатта Ақтөбеге қарсы ойында Темірлан жағынан ауыр жарақат алып, біраз уақыт ойыннан тыс қалған еді. Десе де “Пафоспен” өткен ойында жарақатынан сауыққанына ұзақ уақыт болмаса да өте жоғарғы деңгейде ойын өрнегін көрсетті.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
