Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Бүгін жарыс алаңына шыққан дзюдошыларымыздың екеуі де алғашқы айналымда ұтылды

Париж олимпиадасының төртінші күнінде жарыс алаңына шыққан қазақстандық дзюдошылар алғашқы айналымда жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Париж олимпиадасында дзюдошылар сайысы әлі де жалғасып жатыр. Бүгін Париж бозкілеміне ерлер арасында 81 келі мен әйелдер арасындағы 63 келі салмақтағы балуандар сынға түсті. Бұл салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигүл Куюлова алғашқы айналымнан аса алмады. Жарысты екінші айналымнан бастаған Абылайхан венгриялық Атилла Унгвариден ұтылса, Эсмигүл австриялық Лубьяна Пиовесанаға есе жіберді. Осылайша, дзюдошыларымыз жарысты ерте аяқтап, жүлдеге іліне алмады.

Айта кетейік,  Қазірше, Қазақстан құрамасында бір алтын, екі қола медаль бар. Нысана көздеуден Александра Ле аралас жұптық сайыста Ислам Сатпаевпен бірге Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алса, дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тағып, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанған еді. 

Талқылау