Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемия кезінде қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға жағдай жасала ма: "СК-Фармация" басшысы айтып берді

Онлайн-брифинг барысында "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлы аса қауіпті ауруы бар науқастарға пандемия жағдайында қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есқалиев қазіргі таңда аса қауіпті ауруы бар адамдарға арналған арнайы дәрі-дәрмек қоры жасақталғанын айтты. Кейбір қиындықтар туындағанымен, қатерлі ісіпен ауыратын науқастарға коронавирус пандемиясында дәрі жеткізу жолға қойылғанын түсіндірді ол.

"Біз аса қауіпті ауруы бар науқастарды коронавирус жағдайында қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда 32 млрд теңгеге арнайы препараттар алынды. 7,3 млрд қорда сақталған. Бір препаратты жеткізуге қатысты қиыншылық боған. Үндістан бұл препаратты шығаруға келісім бермей, біз отандық өндірушімен келісім шартқа отырдық", - дейді ол.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Қараша, 2020 10:44
Талқылау