Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұят нәрсе": Роза Рымбаева қалың малға қарсы екенін айтты

Роза Рымбаева қалың малға ақша сұрауға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұят нәрсе: Роза Рымбаева қалың малға қарсы екенін айттыҚазақстанның халық әртісі қалың малға ақша сұрау ескіліктің ісі деп есептейді. Ол қызыма мынанша ақша бересің деп, оны сату ұят нәрсе екенін айтып ашынған. Осылайша өнер иесі қалың малға қарсы екенін байқатты. Сонымен қатар, өнер иесі ата-бабаларымыздың қандай мақсатпен қалың мал алғанын айтып берді. 

"Менің қызыма мынаншама дүние әкел деген ұят нәрсе. Кезінде ата-бабамыз өзінің жағдайын түзеу үшін кедей байқұс байға сатқан. Өзінің жағдайын жасау үшін мал алған", - дейді Роза Рымбаева. 

Дегенмен, Роза Рымбаеваның сахнадағы әріптесі Өктем Алтаевтың ойы тіпті басқа. Ол қалың мал алып, қыз жақ байып кетпейді, өйткені, қанша қалың мал алсаң, соншалықты жасау апарасың деп отыр. Өнер иесінің пікірінше қыз ұзату ұлға әйел алып беруден әлде қайда қиын әрі жауапкершілігі мол жұмыс. 

"Қалың мал деген қыз сату емес. Оның ақшасын аласың да, қыздың өзіне жасау жасап апарасың. Керісінше үстіне қосып апарасың. Келін түсіргеннен қыз ұзатқан қиын", - дейді Өктем Алтаев. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...