Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзім барып тексеремін - Тоқаев Алматы облысының әкіміне

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы газ жүргізу жүйесін өзі барып тексеретіндігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Баталов

"Мендегі сұрақ - газдандыру жұмыстары. Менің қолымдағы ақпарат бойынша 470 елді аймақтың тек 30 пайызы ғана газ жүйесімен қамтамасыз етілген. Мәселе болған жағдай не?", - деп сұрады Тоқаев Алматы облысының әкім Амандық Баталовтан. 

Алматы облысының әкімі қызметіне енді кірісіп жатқан кезде аймақтағы газдандыру мәселесі тек 9-11%-ға ғана қамтылғандығын ескерді. 

"Биліктің көмегімен тоқтап тұрған 254 шақырымдық газ құбырының құрылысын аяқтадық. Ол Алматыдан Талдықорғанға дейін созылып жатқан еді. Өз бюджетімізден Теккеліге дейін тағы ұзарттық. Қазір Талдықорнаннан Үшаралға дейін және тағы екі аймақты қамтитын газдандыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Осы жылы 1,4 миллион тұрғынды газбен қамтамасыз етеміз. Яғни облысытың 56 пайыз тұрғыны газ жүйесіне қол жеткізеді", - деді Баталов.

"Мен жылдың екінші жартысында іссапармен келемін, сол кезде өзім тексеремін", - деді Тоқаев. 

 

Талқылау