Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзі жұмыс істеген мүгедектерді бейімдеу орталығын тонаған қылмыскер ұсталды

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу орталығына шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

Өзі жұмыс істеген жерге ұрлыққа түскен

Екі күдікті күзетшіні суық қарумен қорқытып, қол-аяғын матап, жарымжан жандарды емдеу үшін мінетін екі жылқыны ұрлап әкеткен. Қазір жылқыларды сойып, сатып жібермек болған күдіктілер ұсталды. 

Күдіктілердің біреуі мүгедек балаларды бейімдеу орталығында бұрын еңбек еткен. Ол жанындағы серіктесімен бірігіп, сол мекемені бақылайтын күзетшінінің қол аяғын байлап, қос жылқыны жүгендеп жетектеп кеткен. Ал, бір сағаттай байлауда жатқан қарауыл қатты қорқып қалса керек. 
53 жастағы күзетші хабар берген соң, оқиға орнына полиция келген. Алайда, ол уақытта сезіктілер ізін суытып үлгерседе,  артышна тез ұсталыпты. 

«Қылмыс жасалғаннан кейін екі бас жылқы сатылып кеткен. Біз атқарған іс-шаралардың нәтижесінде, сатылған жылқылар табылып, алынды. Ұрланған жылқыны сатып алған адамға да тексеріс жүргізілді», - дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Юсупов. 

Полиция ұстаған қос азаматтардың бірі бейімдеу орталығында көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген дейді. Сондықтан ол бұрынғы жұмысының қыр-сырын жетік білген. Ал екеуінің қылмысы дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылыуы мүмкін. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Қазан, 2019 09:57
Талқылау