"Өзі келе алмады": Айнұр Тұрсынбаева жолдасының туған күнінде берген сыйлығын көрсетті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күнінде жолдасынан ерекше сыйлық алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі туған күнінде Ыстамбұлдан Қазақстанға келген еді.
“Айнұр ханымға жолдасы келе алмаса да Ыстамбұлдан беріп жіберді. 1001 раушан гүлін ортаға әкелейік”, – деді той жүргізушісі.
Одан кейін айтыскер ақын "Әйел жылап жүрген үйде, еркекке де бақыт жоқ...", – деп жазба қалдырды.
-
"Дүкенде жүр едік": Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы жер сілкінісінің видеосын жариялады
-
"8 наурыз дегенді білмейді": Айнұр Тұрсынбаева жолдасының берген сыйлығын көрсетті
Желі қолданушыларының сөзінше, айтыскер ақын туған күніне келген қонақтардың бәріне гүлді таратып берген көрінеді.
“Бар құрметке лайықсың”, “Осы көріністің куәсі болдық”, “Керемет сыйлық екен”, “Туған күнге жиналғандардың бәріне таратып берді”, “Өзім 5 тал гүл алып үлгердім”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаеваның бауырлары туған күніне көлік сыйлағанын жазған едік.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
