Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгерістер толқыны: Бизнеске арналған жасыл несиелер

Банк ЦентрКредит қазақстандық бизнесті жаңарту үшін ЕҚДБ кредиттік желісі бойынша қаржыландыруды ұсынады. Қазіргі уақытта 5,6 млрд теңгеден астам қаражат беріліп үлгерді. Қазақстандық кәсіпкерлер электромобильдер сатып алып, жел электр станцияларын салуда. Сонымен қатар қолайлы шарттар бойынша көптеген басқа да бағыт бар.

Жасыл несие ауыл шаруашылығына, жаңартылатын энергияға, экологиялық таза өнеркәсіпке және т.б. жобаларға арналған. Geff сарапшылары ЦентрКредит Банкінің бизнес-клиенттеріне тегін кеңес береді және тиісті жабдықты таңдау кезінде ұсыныстар айтады.

Бағдарламаның арқасында кәсіпкерлер ғимараттарын, көліктер мен жабдықтарды жаңғыртып, энергияны үнемдейтін жылу оқшаулау, жарықтандыру, жылыту, кондиционерлеу және желдету жүйелеріне материалдар сатып ала алады. Жасыл технология шешімдеріне арналған жабдықтардың толық тізімі жасыл технология селекторының сайтында жарияланған.

Жасыл кредит бойынша мөлшерлеме 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде субсидиялар алу мүмкіндігімен 20% -ды құрайды. Дамытуға арналған несие немесе GEFF бағдарламасы аясында алынған инвестициялық несиенің 10% немесе 15%-ын кэшбэк-компенсация ретінде алуға болады. Ол үшін бағдарлама қатысушысы болып, өтінім беріп, несиеге жабдықты таңдап, оны өз кәсіпорныңызға орнату керек.

Шарттар туралы толығырақ Банк ЦентрКредиттің ресми сайтынан біліңіз.

Жасыл экономика аясында құрылатын ресурстарды үнемдеу принципі экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғауды өзара байланыстырады. Жасыл технологияның дамуы өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен, денсаулыққа қауіп-қатердің төмендеуімен, қосымша жұмыс орындарын құрумен және планетамыздың ресурстарын үнемдеумен тығыз байланысты.

Лицензияны № 1.2.25/195/34 03.02.2020 ж. ҚР ҚНРДА берген.

Ақниет Аманжолқызы
Сәрсенбі, 01 Наурыз, 2023 08:00
Талқылау