Өздерінен басқа адамдар барын білмеген: Жертөледе 9 жыл тұрған отбасы табылды
Нидерландыдағы тоғыз жыл бойы жертөледе өмір сүрген отбасы табылды. Тергеу мәліметтері бойынша, тек әкесі сыртқы әлеммен байланыс орнатқан, ол өзінің алты баласын өз үйінің жертөлесінде жасырған.
Бейтаныс отбасы туралы кездейсоқ белгілі болды. Дренте провинциясында шашы мен сақалы өскен жігіт жергілікті барға кіріп келеді. Ол мекеме иесіне інісі мен қарындасымен бірге жертөледе тұратындығын айтты, деп жазады NL Times.
Оның сөзіне қарағанда, тоғыз жыл бойы жертөледе өмір сүрген, мүмкін одан да көп уақыт болған. Олар бұл әлемде өздерінен басқа ешкім жоқ деп ойлаған.
Отбасы туралы айтқан жігіттің 25 жаста екені белгілі болды. Бірақ жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол бала сияқты сөйлейді. Үстіне ескі киімі киген.
Полиция аталған орынға барғанда жертөлеге апаратын жасырын баспалдақты тапты. Онда олар 58 жастағы ер адам мен оның бес баласын тапты. Отбасының әкесі полициямен сөйлесуден бас тартқаны үшін ұсталды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар балаларды бұрын-соңды көрмеген, бірақ фермада тек бір ер адам тұратынын білген. Олардың анасы қайда екені белгісіз.