Өзбекстанның екі ауылы Қазақстанның аумағына өтті
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
17 мамырдағы қаулыға сәйкес Түркістан облысының аумағына жалпы ауданы 795,62 гектар (750 гектар - Бағыс ауылы, 45,62 гектар - Хиебон) Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жерлері кірді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Түркістан облысының мәслихаты үкіметтің қарауына Қазақстанға Өзбекстан берген жерлерді қосу арқылы аймақ шекараларын өзгерту туралы ұсыныс енгізген.
Нәтижесінде Бағыс (Бағыж) және Хиебон ауылдары Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қосылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”