Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандық даяшы қыз өзінен 45 жас үлкен ұлыбританиялық лордқа тұрмысқа шықты

Англияда 77 жастағы мұсылман-лорд Мұхаммед Илтаф өзінен 45 жас кіші өзбекстандық қызға үйленді.

Өзбекстандық даяшы қыз өзінен 45 жас үлкен ұлыбританиялық лордқа тұрмысқа шықты

77 жастағы Мұхаммед Илтаф 32 жастағы Гүли Мұрадовамен 2013 жылы дәмханада танысқан. Ол жерде бойжеткен даяшы болып жұмыс істеп жүріпті. Мұнан кейін екеуінің арасында жылы қарым-қатынас орнаған, деп жазады Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Мұрадова біраз уақыттан  кейін Өзбекстанға қайтып оралған. Алайда ұлыбританиялық миллионер оның соңынан келіпті. Ол өзінің бірінші әйелімен ажырасып, осыдан кейін ғана 2018 жылдың желтоқсан айында Гүлимен шаңырақ көтерді.

Үйлену тойы Grosvenor House бесжұлдызды мейманханасында өтті.

Басылым мәліметінше, лордтың жаңа әйелі оның қызынан 15 жас кіші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 04 Қаңтар, 2019 17:23
Талқылау