Өзбекстанда түрмеде кітап оқыған сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылады
Өзбекстан парламенті кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімін қысқартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзбекстан ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашраповтың айтуынша, 1 кітапты оқып, сол кітап бойынша емтиханды сәтті тапсырған азаматтардың жаза мерзімі 3 күнге қысқарту жоспарланған.
Заң жобасында шектеулер де бар, оған сәйкес сотталғандар жылына 10 кітаптан көп шығарма оқып, емтихан тапсыра алмайды. Сондай-ақ оқуға болатын әдебиеттердің тізімі де мемлекеттік ұйым бекітеді. Сарапшылардың пайымынша, жаңа заң жобасы сотталғандардың өмірі мен көзқарасына оң әсер етеді.
Жаңа заң жобасы сенаттың қарауына жіберілген. Одан кейін қол қою үшін Өзбекстан президентіне жолданады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан