Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Өзбекстанда балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Өзбекстанда балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін заң нормасы енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Өзбекстанның Әділет министрлігі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің заңнамаға түзетулер енгізгенін мәлімдеді. 

Яғни, Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 59-2-бабы отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық және қылмыстық кодекстің 126-1-бабы отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық балаға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін нормамен толықтырылады.

Сондай-ақ енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істер бойынша татуласу туралы арыз тек сот ісін жүргізу барысында қаралады. Бұған дейін ерлі-зайыпты қылмыстық істің ақ-қарасын анықтау және алдын ала тергеу кезінде бір-бірімен татуласа алатын еді. Енді заң қатаңдатылды.



Бұған дейін сенат депутаты Марат Қожаев айуандықпен өлтірілген Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты заңды қатаңдатудың қажеті жоғын айтқан еді. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 22 Қазан, 2024 14:56
Талқылау