Өзбекстан шекарасынан өте алмаған қазақстандықтар елге оралды
Өзбекстан шекарасынан өте алмаған 80-ге жуық қазақстандық елге оралды. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарақалпақстанмен шекарадағы өткізу пунктінде 80-ге жуық отандасымыз қалып қойған. Дегенмен ұсталған немесе қаза тапқан ел азаматтары туралы ақпарат жоқ.
"Азаматтардың қауіпсіздігі, құқығын мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету, заңды және тәртіпті қалпына келтіру үшін президент 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай енгізу туралы қаулыға қол қойды. 2 шілдеде қылмыстық іс қозғалды. Қазір Нүкістегі жағдай тұрақталды, қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары, наубайханалар мен базарлар жұмыс істеп тұр. Мобильді желі, газ бен су толық көлемде жұмыс істейді", – деді Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев.
Айта кетейік, 50-ге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасынан Қазақстанға өте алмай қалған. Үш күн қатарынан шекарада қалған олар президенттен көмек сұрады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
