Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді кім ұйымдастырғанын айтты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев видеоселекторлық кеңеске қатысып, Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді шетелдік зұлым күш ұйымдастырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шавкат

"Әрине, мұнда болған келеңсіз оқиғалар бәрімізді алаңдатады. Нүкіс қаласындағы оқиғалар салдарынан, амал не, тұрғындар қаза тауып, зардап шекті. Осыған байланысты жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", – деді Өзбекстан президенті. 

Ол осындай сәттерде бейбітшілік пен адам өмірі қаншалықты қымбат екенін түсінетінін айтты.

"Бұл толқулар бір күн не он күн ішінде ұйымдастырылған жоқ. Мұны шетелдік зұлым күштер жылдар бойы дайындаған. Олардың негізгі мақсаты – Өзбекстанның аумақтық тұтастығына қол сұғу және ұлтаралық қақтығыс тудыру. Бас прокурордың бірінші орынбасары бастаған тергеу тобы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл процесске қоғам өкілдері, депутаттар мен белсенділерді жұмылдыру керек", – деді Мирзиеев. 

Талқылау