Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбек дзюдошысынан ұтылған Ута Абэ татамиге қайта оралады

Дзюдодан 2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен Олимпиадада өзбек спортшысынан сенсациялы түрде жеңілген даңқты дзюдошы Абэ Ута ұзақ үзілістен кейін татамиге оралатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kyodo

Белгілі спортшы ақпан айында Бакуде өтетін Grand Slam турнирінде Жапония құрамасының өнер көрсететін спортшыларының тізіміне қосылды.

52 келі салмақта 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Ута Абэ бес жыл бойы жеңілмей келген еді. Соңғы рет 2019 жылдың қарашасында француз спортшысы Амандун Бушардан жеңілген Абэ, содан бері 47 белдесуде жауырыны жер иіскемеді.

Алайда Париж Олимпиадасының екінші айналымында өзбекстандық Диора Келдиоровамен күрескен ол күтпеген жерден оңбай ұтылды. Осылайша ол өз мансабында ірі турнирде алғаш рет жүлдесіз қалды.

Одан басым түскен Келдиорова финалға дейін жетіп, нәтижесінде Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Ал жеңілгеніне өзін кінәлаған Ута эмоцияға ерік беріп, аренаны басына көтеріп жылаған еді. Кейін ол желіде кең таныла түсіп, жанкүйерлердің қолдауына ие болды.

Талқылау