Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбек бапкері:Баходир Жалолов келесі Олимпиадаға қатысса да оның жолына ешкім бөгет бола алмайды

Фото:Olympic.uz

Өзбекстандық даңқты боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дегенмен өзбекстандық бапкер Рахматжон Рузияхунов Баходирдің ізін жалғап келе жатқан жас буынның бар екенін, сондай-ақ ол алдағы Олимпиадаға қатысса міндетті түрде жеңіске жететінін айтуда.

“Баходирдің үшінші Олимпиадаға қатысатынын нақты айта алмаймын. Құрамада жас буын өсіп келеді, өз шәкірттері де бар. Бірақ бір нәрсеге сенімдімін – егер ол әлем чемпионатына немесе Олимпиадаға қатысса, міндетті түрде жеңіске жетеді", — деді Рузияхунов ZBS Podcast арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Баходир Жалолов 2020 жылы Токиода, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында топ жарып, алтыннан алқа таққан еді. Алайда осы Париж Олимпиадасында рингте формасын шешіп, өзінің кәсіпқой боксқа түбегейлі бет-бұратынын білдірген. Бірақ алдағы уақытта Баходир Жалоловты біз әуесқой ринг төрінен қайта көруіміз әбден мүмкін. Баходир 2019 жылғы әлем чемпионы, 2017, 2019, 2021 жылы Азия чемпионаттарында алтын медаль жеңіп алған. Ал кәсіпқой бокста барлығы 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 14:59
Талқылау