"Өз орнында қалдыруды талап етеміз": Көкшетауда басшыларын қолдаған дәрігерлер жаппай жұмыстан шықпақшы
Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының қырыққа жуық дәрігері өз еріктерімен жұмыстан кетуге дайын. Бұл қадамға олар кеше ғана жұмыстан кеткен басшыларын қорғау үшін баратындарын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.
Ақ халаттылар облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұжымдық үндеу де жариялаған. Медицина қызметкерлері небәрі жарты жыл бұрын бас дәрігер болып тағайындалған Ерлан Аяғановты "жұмыстан өз еркімен кетуге бәз біреулер мәжбүрледі" деген болжам жасайды.
Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының ұжым басшылары Ерлан Аяғановтың жұмыстан кеткені туралы жаңалық медицина қызметкерлеріне жақпай қалған. Сондықтан, бүкіл ұжым бүгін бас дәрігерді орнына кері қайтаруды талап етті. Ал өтініштері орындалмаса, барлығы бір ауыздан жұмыстан кететіндерін жеткізді.
"Ол кісі өте көп еңбек сіңірген. Оны негізінен денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдағанда ол жұмыстан бас тартқан. Өте көп қызмет атқарған, жемісі мол адам. Біз тек онымен бір қадаммен алға ұмтылуды қолдаймыз", - дейді Көкшетау қалалық көпбейінді аурханасының бөлім меңгерушісі Махамбет Сабиров.
Көкшетау қалалық көпбейінді аурханасының бөлім меңгерушісі Кристина Лихачева болса Ерлан Аяғановтың басшылыққа келуімен аурухананың дами түскенін айтады.
- Қазақстан билігі ауыр науқасқа шалдыққан қырғыз келіншекке қызын көру үшін көмектеспеген
- "Бұл мен емес, менің сыңарым": Қостанайлық азамат өз атына өзге адамның несиесін іліп жібергенін айтып шағымданды
- Балам судорога беріп жатқанда, қарамай қойды: Ақтөбе облысының тұрғыны дәрігерлерге шағымданды
"Ерлан Аяғановтың басшылыққа келуімен аурухана дами түсті. Жетекшілік еткен бас дәрігер бізге ауадай қажет. Оны өз орнында қалдыруын талап етеміз. Олай болмаған жағдайда бәріміз жұмыстан кетуге әзірміз", - дейді ол.
Аурухана ұжымы бас дәрігерді өз орнында қалдыру туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атына ұжымдық хат жазыпты.
"Қазанның 22 сі күні тәртіптік комиссияның отырысында Ерлан Аяғановтың еңбек келісімшартын тоқтату туралы ұсыныс айтылды. 25 қазан дүйсенбіде Ерлан Аяғановтан өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш келіп түсті. Әрине өтінішке қол қойдық. Ұжымдық үндеу туралы айтар болсақ, дәрігерлердің басым көпшілігі бас дәрігерге құрмет, қолдау көрсету ретінде өтініш жазған. Арыз - шағымдарды мен шетелдегі іссапардан келгеннен кейін ҚР Заңнамасында белгіленген мерзім ішінде қарастыратын боламын", - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Сыздықов.
Облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының бірнеше лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық із қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу тексеру іс шаралары басталған. Алайда нақты кімдер екендігі тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
