Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз өңіріңмен мақтануға 250+ сеп болады: Ult_Kazynasy жобасы керемет контент ұсынады

Өткен жылы жазда TikTok пен Instagram желілерінде #Ult_Kazynasy хэштегі пайда болды. Танымалдыққа ие болған бастама Ult_Kazynasy жобасына айналып арнайы парақша ашылды. Енді қазақстандықтар өңірлердің ерекшеліктері туралы көңілді, танымдық видеоларын жариялай алады. Бұл қаладан бөлек, ғаламтор салыстырмалы түрде жақында пайда болған 250+ ауылдары үшін де керемет жоба болмақ.

Жоба пайдаланушыларға UGC (User-generated content) өз контентін жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде желідегі жарияланымдар аз уақыт ішінде 2 300 000-нан астам қаралым жинап, көрерменнің оң бағасын алды. Әсіресе хэштег 250+ бағдарламасы аясында қосылған ауылдарда танымалдылыққа ие болды. Осыған орай Қазақстан аймақтары туралы қысқа бейнелі қызықты контенттерге аккаунт ашу идеясы туындады.

"#ultkazynasy хэштегін іске қосу арқылы еліміздің қаншама мәдени коды туралы ақпараты әлі цифрланбағанын түсіндік. Қазақстандықтардың отбасында сақталған ерекше дәстүрлері, мәдени, тарихи ерекшеліктері мен диалектілерінің өзі жоғалып, естен шықпауы үшін әрекет ету керек. Сондықтан біз форматымызды толыққанды қоғамдық аккаунтқа айналдырып, кеңейтуді жөн көрдік", – деді Ult_Kazynasy жобасының жетекшісі Юлия Баскакова.
@ult_kazynasy

А насколько у вас в городе испортилась погода?

♬ оригинальный звук - ult_kazynasy

Жоба еліміздің әрбір облыс, қаласын, соның ішінде (Интернет салыстырмалы түрде жақында пайда болған) 250+ ауылдарын қамтиды. Жоба жетекшілері мен жергілікті тұрғындар өз аймақтарының дәстүрлері мен ерекшеліктерін баршаға таныстырады. Мұндағы негізгі мақсат осы –  қазақ және орыс тілдерінде нағыз қызықты әрі пайдалы контент жасау. Ult_Kazynasy жобасының арқасында мұраларымыз сақталып қана қоймай, ол қысқа бейнероликтер арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне дәріптеледі. Сол арқылы әрбір тұрғын үйінен шықпай-ақ көптеген пайдалы ақпарат ала алады.

@ult_kazynasy Ал сіздің қалаңызда қалай атайды? #ultkazynasy #талдыкорган ♬ оригинальный звук - ult_kazynasy

Екі-ақ ай бұрын пайда болған Ult_Kazynasy TikTok, Instagram және YouTube желілерінде миллиондаған қаралым жинауда.

"Желідегі жазылушылардың белсенділігін көріп, елге қажетті дүниеге дөп түскенімізді ұқтық. Айта кету керек, жобаға мұншалықты жұртшылықтың қызығуына себеп болған әрине, 250+ бағдарламасы болды. Себебі соның арқасында еліміздің ең шалғай түкпірлеріне интернет келіп, жақсы контент тұтынуға мүмкіндік артты", – деп қосты Юлия Баскакова.
@ult_kazynasy

Ал сіз қалай айтасыз?

♬ original sound - ult_kazynasy

Контент жасаушылар көптеген аймақтар мен жерлерді аралап, әр мекеннің өзіндік ерекшелігін барынша танытуға уәде беруде. Олар түрлі аймақтардың мақтан ететін дәстүрлері, диалектілері мен тағамдары туралы айтып, қалада да, ауылда да жергілікті тұрғындармен тілдеседі.  Одан бөлек сол арқылы еліміздің шалғай ауылдарындағы интернетті сынап көрмек.

Жарнама құқығында