Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз кабинетінде пышақтап кеткен: "Қазақмыс" директорының өліміне қатысты сот үкімі шықты

 "Қазақмыстың" бас директорының кабинетінде пышақтасып жан тапсырған Тоғызбай Тәжбеновке қатысты сот үкімі шықты. Тәжбенов, Амангелді Мініғұловты өлтіруге әрекет жасаған деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

 

"Қазақмыс" басшылығының кабинетінде болған қанды қырғын жыл басында болған. Тергеу мәліметінше, екеуінің арасындағы дау Тәжбеновті қызметтен шеттету мәселесімен туындапты. Содан ол бастықтың кабинетіне мылтық пен екі пышақты тығып әкелген. Кіре сала, Мініғұловқа қарата оқ атады, бірақ тимеген. Артынша кабинетке Қазақмыстың бірнеше қызметкері жетіп, Тәжбеновтен қаруды тартып алады.


Сәлден соң кәсіподақ ұйымының төрағасы Мініғұловқа қайта ұмтылып, пышақ салып алған. Іле шала, Тәжбенов өзіне пышақ сұғып, жан тапсырыпты. Мұны оқиғаны көзбен көрген компанияның 5 қызметкері растаған. Алайда Тәжбеновтың жақындары жалдаған адвокат бұған күмәнмен қарайды.

Өйткені тергеу ісінде көптеген шалалық бар екен. Тіпті пышақта Тәжбенов пен қатар Мініғұловтың да саусақ іздері бары анықталыпты. Бірақ бұл жайттар қылмыстық істе ескерілмепті. Ал тараптарды тыңдаған сот тергеу ұсынған деректерге шүбә келтірмеді.

Айта кетейік, осы жылдың басында "Қазақмыс" мекемесінің директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалған еді. Одан кейін Қарағанды прокуратурасы өзіне қол салуға мәжбүр болуы мүмкін деген болжам айтқан болатын. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2020 21:37
Талқылау