Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз итін атып тастаған жігіт жауапқа тартылды

Қырғызстандағы Жалал-Абад облысының полицейлері үй жануарына жасаған қатыгездік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода, белгісіз жігіт үйінің ауласында төрт аяқты досын қатыгездікпен атып өлтіргені көрсетіледі.

Еш шімірікпестен үй жануарын өлтірген жігіттің видеосы қоғамда наразылық тудырды. Осыған байланысты, жергілікті ІІБ тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.

Анықталғандай, атышулы видео осы жылдың қыркүйек айында Жалал-Абад облысы, Созақ ауданында түсіріліпті.

1997 жылғы А.Ш тәртіп сақшыларына берген түсініктемесінде, Алабай тұқымды итінің ауру болғанын, тауықтарды қырып, адамдарды қапқанын айтып ақталған.

Ал итті атып өлтірген «Вепрь» мылтығы жігіттің әкесіне тиесілі болып шықты. Аталған факт негізінде жинақталған құжаттарға сәйкес, 1997 жылғы азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Бортсеріктер қазақ тілін білуге міндетті ме? Тоты Әмірова түсініктеме берді

Ақтөбе тұрғыны жаңа жыл қарсаңында 5 жасар баласымен бірге далада қалғалы отыр

Елімізде полиэтилен пакеттер енді тегін берілмейтін болады

Қарағандыда жылы судан шығатын жағымсыз иістің мән-жайы анықталуда

 

Талқылау