Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мас отағасы әйелін өлтіріп, ұлын жарақаттады: Баланың жағдайы белгілі болды

Нұр-Сұлтанда әкесі оқ атқан 5 жасар балаға ота жасалып, психологтармен жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

№2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаиловтың айтуынша, әкесінің қолынан қорлық көрген 5 жасар балаға ота жасалып, алдағы жағдайы қатаң бақылауға алынған.

5 жасқа толуына бір ай қалғанда қатыгез әкенің қолынан оққа ұшқан бала ауыр хәлде ауруханаға түнгі сағат 23:00-де жеткізіліп, оған жедел түрде лапароскопия жасалған. 

«Баланың жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді, қазіргі кезде ол жан сақтау бөліміне орналастырылды», - дейді дәрігер Досмаилов. 

Бас дәрігердің айтуынша, бүлдіршінге қажетті деген медициналық көмектің барлық түрі көрсетілуде, сонымен қатар, баламен қазір психологтар жұмыс жасап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, араққа сылқия тойып алған 59 жастағы ер азамат мас күйінде әйелін атып өлтіріп, артынша баласын жаралаған болатын. Бүгінгі таңда аталған оқиға бойынша іс қозғалып, күдікті қамауға алынған. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Қазан, 2019 16:08
Талқылау