Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ойыншықтар оқиғасы 4" мультфильміне гомосексуалдықты насихаттайды деген айып тағылды

"Миллион ана" атты христиандық ұйым "Ойыншықтар оқиғасы 4" мультфильмін балаларға гомосексуалдылықты насихаттайды деп айыптады. Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірлестік өкілдері картинаға бойкот жасауға шақырады. Мультфильм желісі бойынша екі әйел кейіпкердің баланы мектепке апарып, кейін оны алып кетуі ұйым мүшелерінің ашуына тиген. Ұйымда Disney компаниясы бір жынысты некелерді қалыпты жағдай етіп көрсеткенімен қоймай, сонымен қатар жас көрермендердің ой-өрісіне кері әсер етеді деп мәлімдеді.

"Ойыншықтар оқиғасы 4" - ата-аналар өздерінің балаларының жыныстық бағдар туралы контентпен бетпе-бет кездесетінін күткен соңғы кино. Мұндай сұрақтар тым ерте және тым тез көтеріледі. Бұл өте жиі, бірақ міндетті емес құбылыс", — делінген "миллион ана" мәлімдемесінде.

"Disney компаниясы отбасылық мазмұнды таратудың орнына саяси ретті болуды шешті.  Ол күн тәртібін алға тартпай, балаларды даулы тақырыптармен кездестірмей, ойын — сауық бағдарламаларын ұстану керек", - деп қосты ұйымда.

Осыған дейін шілде айында Disney студиясының  "Ойыншықтар оқиғасы 2" мультфильмінен сексуалды алымсақтықтың белгілері бар комедия сахнасын кескені белгілі болды. Жанкүйерлер қайтадан шығарылған жоғары сападағы анимациялық мультфильмде титрден кейінгі эпизодтың жоқ екенін байқады.

Талқылау