Ойыншық мылтық ұстаған жігіт Семей тұрғындарын қорқытты
Қала орталығында оптикалық көздеуіші бар мылтық ұстап жүрген бала Семей тұрғындарын қорқытты. Тұрғындар шағымы бойынша оқиға орнына келген полицейлер жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
29 наурызда тұрғындар "Радуга" сауда үйі аумағында мылтық ұстаған адамның жүргені туралы хабарлаған.
Полицейлер бірден оқиға орнына барып, "қаруланған" жасөспірімді ұстады. Анықталғандай, ойыншық мылтықты 17 жасқа толғанда ата-анасы берген ақшаға сатып алған.
Ювеналды полиция жасөспіріммен әңгімелесіп, ойыншық мылтықты қайтарып берді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ