Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ойыншық көресің бе адамды": Балмұздақ алмақ болған әзілкеш сатушымен "төбелесіп қала жаздады" (видео)

Балмұздақ алмақ болған әзілкеш сатушымен төбелесіп қала жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ойыншық көресің бе адамды

Әлеуметтік желідегі парақшаларда танымал актер Жахан Отарғалиевтің балмұздақ алып жатқан сәтіндегі видеосы тараған. Шетелде жүрген ол, түріктердің балмұздақ шоуын шын көріп қалған. Енді балмұздағын алайын деп оқталғанда тартып ала беретін сатушыны көріп, өнер иесі қатты ашуға булықты. 

"Әкелші деймін мен саған. Қолыма ұстатшы дұрыстап. Болды әкел. Бер деймін мен саған. Не күлесіңдер. Әкел деймін бері қарай. Не ойыншық көресің бе адамды? Әкел. Кетші бар, балмұздағымды тез бер. Не нәрсе бұл", -   дейді Жахан Отарғалиев. 

Балмұздақ сатушымен төбелесуге дейін барған актер жұртты күлкіге қарық қылды. Олар әзілкештің қылығына таңқалып, пікірлерін білдірген. 

"Нағыз қазақ", "Мен оны түсінемін", "Жәке, мықты", "Күлкіден жардың ғой", "Жаханның қылықтары кейде жынға тиеді", "Сонша бақырғаны несі", - деп пікір білдірді желідегілер. 

Талқылау