Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ойынның бағытын өзгерткен қадам: Bereke Bank бизнеске ең тиімді валюта бағамдарын ұсынады

Bereke Bank корпоративтік клиенттерге арналған жаңа мүмкіндікті іске қосты. Енді кәсіпкерлер валютаны Қазақстан нарығындағы ең тиімді бағамдардың бірімен айырбастай алады. Бұл бір реттік акция немесе шектеулі топқа арналған арнайы ұсыныс емес – Bereke Business цифрлық платформасының тұрақты қызметі.

Бұдан былай кәсіпкерлерге банкке қоңырау шалып, бағамды нақтылап немесе тиімді сәтті “ұстап қалуға” тырысудың қажеті жоқ. Барлық операцияны онлайн форматта, бірнеше батырманы басу арқылы жасауға болады – жылдам, ашық әрі тиімді.

Импорт пен экспорт саласындағы компаниялар үшін айырбас бағамындағы айырмашылық – жай ғана сандар емес. Ол мәміленің табыстылығына, жеткізілім көлемін арттыруға, тендерде жеңіске жетуге немесе клиент үшін бағаны тұрақты ұстап тұруға тікелей әсер етеді. Валюта бағамындағы небәрі 1–2% айырмашылық тұрақты төлемдер кезінде бизнестің айқын артықшылығына айналуы мүмкін. Bereke Bank ұсынған тиімді шарттар ірі кәсіпорындарға да, әр тиынның құнын білетін шағын бизнеске де бірдей қолжетімді.

Валютаны айырбастау қызметі Bereke Business-тің веб-нұсқасында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Оны орындауға үш қадам жеткілікті: жүйе қолжетімді бағамдарды автоматты түрде ұсынып, операцияны нақты уақыт режимінде жасауға мүмкіндік береді. Қызмет күн сайын 09:15-тен 17:00-ге дейін, яғни негізгі қаржылық шешімдер қабылданатын белсенді уақытта жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер бизнесін кеңседен ғана емес, кез келген жерден – қоймадан, жол үстінде немесе іссапарда жүріп те басқарады. Bereke Bank осы үрдісті қолдап, онлайн-сервистерді дәстүрлі банктік қызметтің жалғасы емес, қаржыны басқаруға арналған толыққанды құрал ретінде дамытып келеді. Bereke Business платформасы – кәсіпкер валютамен, төлемдермен және қаржыландырумен қосымша кедергілерсіз жұмыс істей алатын кеңістік.

“Бүгінде бизнес үшін жылдамдық, ашықтық және нәтиженің сенімділігі аса маңызды. Біз шағын командалардан бастап ірі компанияларға дейін барлығына қолайлы әрі тиімді айырбастау шешімін іске қосып жатырмыз. Бұл – бизнестің өсімі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрал”, – дейді Bereke Bank-тің бизнеске арналған цифрлық арналардағы өнімдерді дамыту жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Акинбашина.

Жаһандық нарық жағдайында жылдам бейімделіп, тиімді есеп жүргізе білетіндер ұтады. Ең тиімді бағам – бұл тек үнемдеу емес. Бұл – бәсекеге қабілеттілік, даму стратегиясындағы жаңа қадам және ертеңгі күнге деген сенімділік.

Bereke Business – әр бизнеске ерекше көңіл бөлу.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 27.02.2025 жылы берген №1.1.199 лицензия.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 12:24
Талқылау