"Ойын ойнаған": Петропавлдағы 9-сынып оқушысының шабуылына қатысты тың дерек айтылды
Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім "Лесоруб" ойынын ойнауы мүмкін. Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мұндай нұсқаны да тексереді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

№4 мектепте болған төтенше жағдайдан кейін ата-аналардың чатында шабуылға "Лесоруб" ойыны себеп болуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады.
СҚО прокуратурасының мәліметінше тергеу барысында бұл нұсқа да тексеріледі.
"Лесоруб" ойынына қатысты нұсқа тексеріледі. Барлығы тергеу аясында қарады. Тексеру шаралары қабылданып жатыр", – деді СҚО прокуратура аппаратының басшысы Шолпан Әбдірахманова.
Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып келіп, үш баланы жарақаттаған еді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен