Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"-ов" жалғауынан бас тарттым": Әнші IL’HAN тегіне қатысты сұраққа жауап берді

ильхан әншіФото: Подкастан скриншот

Танымал хитмен, музыкант Ильхан Ихсан тегіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі AIQAP подкастында өзінің тегіндегі "-ов" жалғауынан қалай бас тартқанынын бөлісті. 

"Туу туралы куәлігімде "Ихсанов" деп жазылған. Жеке куәлік алар кезде фамилиямнан "-ов"-ты, әкемнің атынан -вичті алып тастадым. Оның орнына "Аяпбергенұлы" дегенді жаздырдым. Бұл қадамға Бауыржан Момышұлының оқиғасы әсер етті. Ол кісі марапаттауға "Момышев" деп шақырғанда, "мен Момышев емеспін, Момышұлы деп шақырсаңдар ғана шығамын" деп шықпай қойғаны бар ғой. Сол сөзі маған да әсер етті. Одан кейін сыныптастарым да тегіндегі “ов"-ты алып тастады, – деді Ильхан.



Одан кейін, Ильхан шыққан тегінде өнерге жақын адамдардың көп болғанын да айтты. 

“Менің аталарымның бәрі өнерлі болыпты. Бесінші атам Құрманғазының қасында жүріп, шәкірті болған. Орал жақтың тумасы болғасын ән-күйге бір қадам жақын. Жетпіс Исатайұлы – Құрманғазының күйлерін көпшілікке таратқан адам. Өз атам Мұқанов Ихсан да әке жолын қуған домбырашы. Мен ес білгелі күй тыңдап келемін. Көзімді ашқалы “Адай” күйін білемін”, – деді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 25 Шілде, 2025 10:45
Талқылау