Отбасылық пранктарымен танымал қазақстандық блогердің анасы қайтыс болды
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде “Нұргелді Дракон” атымен танымал блогер анасынан айырылып қалғанын айтып, видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Бүгін біз анамыздан ғана емес, өзіміздің бір бөлігімізден айырылдық. Сіз ең керемет ана болдыңыз. Мәңгі жадымызда және жүрегіміздесіз”, – деп жазды блогер.
Ол парақшасында анасымен, отбасымен бірге түскен видеоны жариялап, бақытта сәттерін еске түсірді.
Блогердің отбасымен бұрыннан таныс оқырмандары Нұргелдіге көңіл айтты.
“Әкесі енді “Сәулее” деп шақырмайды”, “Жаным Сәуле тәте, иманды болсын”, “Жылап қалдым, отбасыңызды сыртынан бақылап отырғанды ұнататын едім”, “Иманы салауат болсын”, “Жатқан жері жайлы болсын”, “Арты қайырлы болсын”, – деп жазды желідегілер.
@dragon_knm1 Сегодня мы потеряли не просто Маму… мы потеряли часть себя 😔💔 Ты была самой лучшей Мамой 😭 Ты всегда будешь с нами в воспоминаниях и в сердце 🪽 Хочу это оставить здесь. #мамарядом #мама ♬ оригинальный звук - Нургелды Dragon 🐉
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген