Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасылы ер адам көңілдесін өлтіріп, марқұм ретінде өмір сүрген

АҚШ-тың Пенсильвания штатының тұрғыны көңілдесін өлтірді деп күдіктеліп отыр.

Отбасылы ер адам көңілдесін өлтіріп, өзі марқұм ретінде өмір сүрген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы Джон Чепмэн 33 жастағы көңілдесі Джейм Рэй Феденнен өзімен бірге Лас-Вегасқа баруын сұраған. Сол жақта ол әйелдің қол-аяғын байлап, буындырып, денесін ен далаға лақтырып тастапты. Басылымда аталғандай, әйелдің ақыл-есінде ауытқу болған. 

Оқиғадан кейін Феденді екі ай бойы із-түзсіз жоғалып кеткен деп санап келіпті. Алайда 5 қазанда ен даладан әйелдің мүрдесі табылды. Қазіргі уақытта полиция мүрденің кімге тиесілі екенін анықтап жатыр. Десе де оны Феденге тиесілі деп санауға негіздер бар. 

Марқұмның туыстарының сөзінше, әйел жоқ болып кеткен екі айдың ішінде белгісіз біреу оның Facebook желісіндегі парақшасын пайдаланып, өзін Феден ретінде көрсеткен.

15 қарашада Чепмэнге көңілдесін өлтірді және оның әлеуметтік желідегі парақшасын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды.

Талқылау